Көкмардан жалпы білім беретін мектебінің “Жас суретшілер” үйірме жетекшісі Жандос Айтқұлов оқушыларымен бірге “Әрбір бала- бір әлем” тақырыбында табиғат аясында сурет салды.
#біртұтас_тәрбие
#ұлы_жеңіске_80_жыл
Түркістан облысы, Отырар ауданы, «Көкмардан жалпы білім беретін мектеп» кмм , "Окуға құштар мектеп" жобасы аясында 23 сәуір- Ұлттық кітап күніне орай "Жаңа кітаптар әлеміне саяхат" тақырыбында кітапханаға саяхат сабағы болып өтті. Кітап-адам баласы ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап,оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі десек.
Мақсатымыз: Жастарды кітап оқуға баулу, окитын ұлт қалыптастыру.
#ОқуғаҚұштарМектеп
#КітапСөйлейді
#ДетскийКөзқарас
🏆🏆”Еңбек” кубогы🏆🏆
ЖҰМЫСШЫ МАМАН СТУДЕНТТЕРІНІҢ АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ЕҢБЕК” КУБОГЫ ТҮРКІСТАНДА ӨТТІ
Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Еңбек кубогы» спартакиадасы басталды. Биылғы сайысқа Қазақстанның 20 өңірінің колледждерінен келген 2 мыңға жуық студент қатысуда. «Түркістан арена» стадионында өткен спартакиаданың ашылу салтанатында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құттықтау сөз сөйлеп, спортшылларға сәттілік тіледі.
#еңбеккубогы
🏆🏆”Еңбек” кубогы🏆🏆
ЖҰМЫСШЫ МАМАН СТУДЕНТТЕРІНІҢ АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ЕҢБЕК” КУБОГЫ ТҮРКІСТАНДА ӨТТІ
Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Еңбек кубогы» спартакиадасы басталды. Биылғы сайысқа Қазақстанның 20 өңірінің колледждерінен келген 2 мыңға жуық студент қатысуда. «Түркістан арена» стадионында өткен спартакиаданың ашылу салтанатында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құттықтау сөз сөйлеп, спортшылларға сәттілік тіледі.
#еңбеккубогы
Көкмардан жалпы білім беретін мектеп КММ-нің АӘ және ТД пәнінің мұғалімі Жұмагелдиев Рақымжан Жумагелдиевич 10 сынып оқушыларымен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан және хабар ошарсыз кеткен Қазақстандық сарбаздарды жүйелі мұрағаттық іздестіру және даналық іздестірумен айналысатын Қазақстандағы жалғыз "Atamnyn Amanaty" ұйымның жұмысы бойынша сабақ өткізді.
#Ұлы_Жеңіске_80_жыл
09.04.2025 жылы "Көкмардан" жалпы білім беретін мектеп базасында "Мәшһүр Жүсіп оқуы" аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты философ —ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік белсенді азаматтық ұстанымдары арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту. "Мәшһүр Жүсіп оқуы" байқауын аудандық білім бөлімінің әдіскері Анар Қамбарова оқушыларға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы, туындылары ел егемендігінің бастауы болатындығы жайлы айтты және байқауға қатысушы шәкірттерге сәттілік тіледі.
Мектебімізде 10.04-06.05 2025 жыл аралығында өтілетін Республикалық «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шаралар аясында 17.04.2025 жылы Отырар АПБ-і, КПБ-нің жедел уәкілі, полиция капитаны Ө.Әбзейтов, Отырар АПБ-і, ЖПҚ-нің ЮПТ инспекторы, полиция капитаны Д.Ерденова және Отырар АПБ-і, ЖПҚ-нің ОТЗЗҚКТ-ның инспекторы, полиция аға лейтенанты А.Жақсылықтар жоғары 8-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп оқушыларға қазіргі таңда жастар арасында, әсіресе кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында буллинг, кибербуллинг, нашақорлық, кәмелетке толмағандарға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің баптары және оларға қатысты жауапкершілік, жасөспірімдердің арасында өз-өзіне қол жұмсауының алдын-алу, зорлық-зомбылықты болдырмау, онлайн құмар ойындар/лудомания/ т.б. құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түркістан облысы, Отырар ауданы, «Көкмардан жалпы білім беретін мектеп» кмм , "Окуға құштар мектеп" жобасы аясында 2- сәуір Халықаралық балалар кітабі мерекесіне орай "Кітап-рухани сарқылмас казына" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Іс-шарада бастауыш сынып оқушылары кітаптың шығу тарихы туралы,кітап,білім туралы тақпақтарын ортаға салды.Окушылар оқыған ертегілерін ортаға салып,соның ішіңде "Шалкан" ертегісін куыршақтар арқылы сахналады.Бұл іс-шараларды өтудегі мақсатымыз оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітаптың және балалар кітап күнінің шығу тарихымен таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, кітапты сүюге, таза ұстауға тәрбиелеу.