Выберите язык

Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
Адал ата-ана – қауіпсіз балалық шақ” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы

Адал ата-ана – қауіпсіз балалық шақ” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы

“Адал ата-ана – қауіпсіз балалық шақ” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
🏫 Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында “Адал ата-ана – қауіпсіз балалық шақ” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс даярлық тобы, 1–4 сыныптар, 5–9 сыныптар және 10–11 сыныптар бойынша ұйымдастырылып, ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, қауіпсіздік ережелері, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, интернет қауіпсіздігі мен құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың маңыздылығы айтылып, балалардың жарқын болашағы үшін бірлесе жұмыс жасау қажеттігі сөз болды.
✨ Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!
Ата-ана мен мектептің тығыз қарым-қатынасы ғана саналы, тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудың негізі болмақ.