🔔🎓 «Соңғы қоңырау – 2026»
🎊 «Мектебім, саған мың алғыс!» 🎊
Бүгін еліміздің барлық білім ордаларында соңғы қоңырау сыңғырлады. Бұл – бір жылдық білім мен тәрбиенің қорытындыланып, жаңа өмірге қадам басар ерекше сәт.
«Көкмардан» жалпы білім беретін мектебінде 25 мамыр күні «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Отырар ауданы әкімдігінің өкілі Қасымбеков Есбол, ата-аналар комитетінің төрағасы Т. Бахаев, қамқоршылық кеңес төрағасы Қ. Ерназаров, Отырар аудандық полиция бөлімінің аға лейтенанты Е. Бимырза және ардагер ұстаздар арнайы қатысып, жас түлектерге ақжарма тілектерін арнады.
Салтанатты жиында мектеп директоры Ади Шарипов 2025–2026 оқу жылындағы мектеп жетістіктеріне тоқталып, білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға алғысын білдірді. Сонымен қатар мектеп мерейін асқақтатып жүрген бірқатар ұстаздар Алғыс хаттармен марапатталды.
Мерекелік кеш барысында түлектер алтын ұя мектебімен қимастықпен қоштасып, ұстаздары мен ата-аналарына жүрекжарды алғыстарын жеткізді. Әсем әндер шырқалып, әсерлі өлеңдер оқылып, мектеп қабырғасындағы ұмытылмас сәттер еске алынды.
🛎 Соңғы қоңырау – әр шәкірттің жүрегінде мәңгі сақталатын ерекше күн.
💐 Қымбатты түлектер, сіздерге ақ жол тілейміз!
✨ Армандарыңыз асқақ, болашақтарыңыз жарқын болсын!





