Выберите язык

Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
Қауіпсіздік – басты назарда

Қауіпсіздік – басты назарда

Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, құқықтық сауаттылығын арттыру және жазғы демалыс кезіндегі сақтық шараларын түсіндіру мақсатында “Қауіпсіздік – басты назарда” тақырыбында қауіпсіздік сынып сағаттары өткізілді.
📚Сынып сағаттары барысында оқушыларға:
🔹 жолда жүру ережелері;
🔹 өрт қауіпсіздігі;
🔹 судағы қауіпсіздік талаптары;
🔹 табиғат аясындағы қауіпсіздік;
🔹 интернеттегі қауіпсіздік мәдениеті;
🔹 құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді.
👩‍🏫Сынып жетекшілері оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын айтып, әрбір оқушының өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауы қажеттігін ерекше атап өтті.
✅Мектебімізде оқушылардың қауіпсіздігі әрдайым басты назарда. Бала қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз!