Выберите язык

Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
Отбасылық  зорлық-зомбылықсыз- Қазақстан

Отбасылық зорлық-зомбылықсыз- Қазақстан

«Адал ата-ана-Қауіпсіз балалық шақ» өңірлік тұжырымдамасы аясында 20.05.2026 жылы 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп ата-аналарының жалпы жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналарға 2025-2026 оқу жылын аяқтаудағы қорытынды аттестаттау бойынша ерекшеліктер, жазғы демалысы кезіндегі жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерінің сақталуы, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру,
2026-2027 оқу жылында оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау ережелері, 2026-2027 оқу жылында оқушылардың бірыңғай мектеп формасын сақтауы туралы және 18.05-08.06. 2026 жыл аралығында Отырар ауданының аумағында флешмоб форматында өтілетін «Отбасылық зорлық-зомбылықсыз- Қазақстан» атты Республикалық ауқымды акциясының мақсаты мен міндеттері туралы мәліметтер берілді.