📚🖌️«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЭССЕ
БАЙҚАУЫ
🖍️1 – 4 сынып, 5-9 сынып, 10-11 сыныптар арасында алынды
Тақырыбы: 1–4 сыныптар: «Таза Қазақстан» тақырыптық бағытында:
• Сен «Таза Қазақстанға» қандай үлес қоса аласың?
• Қоршаған ортаның тазалығын сақтау үшін не істеу керек?
• Мен табиғатты қорғаймын, себебі..
5 - 9 сыныптар: "Заң және тәртіп" тақырыптық бағытында:
• Заң мен тәртіп сақталу үшін не істеу керек?
• Заңды орындау қоғамның дамуына қалай әсер етеді?
• Сен қоғамдық тәртіпті орнатуға қандай үлес қоса аласың?
10-11 сыныптар: "Адал азамат" тақырыптық бағытында:
• Сен үшін "Адал азамат" деген кім?
• Қоғамның дамуына адалдық қалай әсер етеді?
•Ар - ұждан мен намыс адалдық қалай әсер етеді?
📝Мақсаты: білім алушылардың өз білімдері мен іс-әрекеттерін ел дамуына, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына қосқан үлесі ретінде бағалап, болашаққа саналы мақсаттар мен жоспар құруына ықпал ету.
📝Міндеттері:
Білім алушылардың 2024-2025 оқу жылындағы жетістіктерін талдау;
Білім алушылардың өз іс-әрекетін рефлексиялау, сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Новости
