Выберите язык

Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты

«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты

📚 Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде 11-сынып оқушыларымен «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар еліміздің басты құжаты – Конституцияда білім саласына берілген ерекше мән мен басымдықтар туралы кеңінен мағлұмат алды. Сонымен қатар, білімнің қоғамдағы орны, жас ұрпақтың болашағы үшін маңызы жан-жақты талқыланды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, белсенділік танытты.
Іс-шараны сынып жетекшісі Қалдыбекова Альбина ұйымдастырып, оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған мазмұнды жұмыс жүргізді.
📖 Білімді ұрпақ – ел болашағы!