Выберите язык

Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Ғарышқа саяхат» сынып сағаттары өткізілді

«Ғарышқа саяхат» сынып сағаттары өткізілді

🚀 «Ғарышқа саяхат» сынып сағаттары өткізілді 🌌
Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында «Ғарышқа саяхат» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттары барысында оқушылар ғарыш әлемі, ғаламшарлар, жұлдыздар мен ғарышкерлер туралы қызықты мәліметтермен танысты. Сонымен қатар, ғарышты зерттеудің маңызы мен адамзат үшін алатын орны кеңінен түсіндірілді.
Оқушылар түрлі шығармашылық тапсырмалар орындап, өз ойларымен бөлісіп, белсенділік танытты. Ғарышқа деген қызығушылықтарын арттырып, білімдерін толықтырды.