Құрметті әріптестер, ардақты ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес, бұл – үлкен жауапкершілікті, ыстық жүрек пен шексіз төзімділікті талап ететін қасиетті міндет. Сіздер әр күні білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, болашақтың іргетасын қалап келесіздер. Шәкірт жүрегіне жол тауып, оларға бағыт-бағдар беруде сіздердің еңбектеріңіз орасан зор.
Бүгінгі мерекеде сіздерге зор денсаулық, сарқылмас шабыт, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Сіздердің әрқайсыңыз – білім ордамыздың тірегі, шәкірттеріміздің шамшырағысыздар.
Ұжымымыз әрдайым ұйымшыл, шәкірттеріміз білімді, ал еңбегіміз нәтижелі болғай!
Ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі тілекпен: Көкмардан жалпы білім беретін мектебінің директоры: Ади Шарипов
Новости
