“Көкмардан жалпы білім беретін мектеп “ коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2026-оқу жылында наурыз айының 4-күні, кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында кәсіптік бағдар беруші педагог Абдумуратова Злиха апайдың ұйымдастыруымен “Мамандығым мақтанышым” тақырыбында мамандық таңдау кеші өткізілді. Іс-шараның мақсаты оқушыларға мамандық таңдаудың маңызын түсіндіру,олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға бағыт беру, болашаққа саналы түрде жоспар құруға ықпал ету. Кешіміздің қадірлі қонағы болып бітіруші түлектерге мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы ой бөліскен мамандар: Д.Құрманбеков атындағы кәсіптік колледждің арнайы пән мұғалімі Арын Жасұлан,Д.Құрманбеков атындағы кәсіптік колледждің арнайы өндіріс шебері Абиюрова Гүлзат,Отырар аудындық ветеринария саласының басшысы Ербол Ертайұлы Сейтқазы, Отырар аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Нұрбеков Асхат,Отырар ауданының өрт бөлімінің курсанттары. Мамандық таңдау кешін қорытындылаған мектеп директоры А.Шарипов кешке келген мамандарға уақыт бөліп келгені үшін, мектеп бітіруші түлектермен ой бөлісіп кеңескендері үшін алғысын білдірді. Өз мамандығы тұрғысында да оқушыларға баяндай келе , білім мен еңбекті ұштастыра келетін мақсатына берік азаматтың нағыз жетістікке жететінін айтты. Мектеп бітіруші түлектер өз армандарын,мақсаттарын тағы бір пысықтап, нақтылады деп сенеміз. Мамандық таңдау кеші өте әсерлі,қызықты өтті.
Новости





