💡 «Үнемді тұтыну – жауапты болашақ!»
Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде оқушылар арасында «Үнемді тұтыну» тақырыбында мектеп ұйымдастырушы педагогі Д.Абжанова тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында оқушылар су, жарық, тағам және басқа да ресурстарды ысырапсыз пайдалану, табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жанашыр болу сынды маңызды тақырыптармен танысты.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, үнемшіл болудың күнделікті өмірдегі рөлін түсінді.
Үнемді тұтыну – тек үнемдеу емес, болашаққа деген жауапкершілік!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#ҮнемдіТұтыну
Новости
