Выберите язык

Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
“Салауатты өмір – нұрлы болашақ”

“Салауатты өмір – нұрлы болашақ”

“Салауатты өмір – нұрлы болашақ”
Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде “Мирас” бірлестігінің айлық жоспары аясында “Салауатты өмір – нұрлы болашақ” тақырыбында ашылу салтанаты өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – білім алушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру. Ашылу барысында оқушылар белсенділік танытып, өз өнерлерін көрсетіп, спорт пен денсаулықтың маңызы туралы ойларымен бөлісті.
2025-2026 оқу жылында Ұлттық мектеп лигасы арасында 5-6 сынып оқушылары ұлдар арасында футболдан облыстық ақтық кезеңінде 3 орын алған оқушыларды марапаттады.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл айлық аясында алдағы уақытта түрлі тәрбиелік, спорттық және танымдық іс-шаралар жалғасын табатын болады