🔔🎓 Соңғы қоңырау – 2025
🎊 «Мектебім, саған мың алғыс!» 🎊
✅Бүгін еліміздің барша мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Бұл – оқушылар үшін бір жылдық ізденіс пен талаптанудың қорытындысы, жаңа белеске қадам басудың белгісі. “Көкмардан” жалпы білім беретін мектепте 23 мамыр – соңғы қоңырауға арналған түлектердің салтанатты іс-шарасы өтті. Шараға ауыл әкімі С.Одаман, ата-аналар комитеті төрағасы Т. Бахаев, қамқоршылық кеңес төрағасы Қ.Ерназаров және ардагер ұстаздар арнайы қатысып, куәгер болды.
✅Алғы сөз алған мектеп директоры Ади Шарипов басшылық ететін білім ордасының 2024-2025 оқу жылындағы табыстары мен жетістіктеріне тоқталып, осы оқу жылында түлеп ұшқалы тұрған түлектерге сәттілік тіледі сонымен қатар қиындығы мен қызығы қатар жүретін, саналы да сапалы білім беру бағытында қызмет етіп жүрген бір топ ұстаздар қауымын алғыс хаттармен марапаттады.
Мектеп түлектері мен ұстаздар қауымын соңғы қоңырау іс-шарасымен құттықтаған ауыл әкімі С.Одаман: «Білім ордаларындағы соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты сәттердің бірі. Биылғы жылғы түлектер түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жетті. Олардың ауданымыздың білім саласындағы беделінің артуына өзіндік үлестерін қосты. Ел ертеңі, білімді және сіздер сияқты саналы ұрпақ қолында» - деп ізгі тілегін арнады.
✅Мектеп оқушыларының ән-күйімен, мың бұралған биімен әрленген шарада 11-сынып оқушылары еліміздің қасиетті көгілдір туын енгізіп, тұғырға орнатты және білім кілтін 10-сынып оқушыларына салтанатты түрде табыстады. Ал, соңғы қоңырау соғу құрметі мектептің бітіруші сынып оқушыларына бұйырды. Сонымен қатар іс-шараға қатысқан барлық ата-аналар мен қонақтар жүрек жарды тілектері мен ақ баталарын беріп, болашақтарының жарқын болуын, елге адал еңбек ететін азамат(ша) болуға шақырып сәттілік тіледі.
💐 Қымбатты түлектер!
📖 Мектеп – тек білім емес, мейірім мен тәрбие, достық пен арманның мекені.
Бүгін – сіздердің өмір жолдарыңыздағы жаңа парақтың бастауы!
✨ Армандарыңыз асқақ болсын!
✨ Жолдарыңыз ашық болсын!
✨ Түлектік қуаныштарыңыз мәңгі естелік болсын!
🎉 Мектебім, саған мың алғыс!
🛎 Соңғы қоңырау – жүректе мәңгілік!
#СоңғыҚоңырау2025 🔔
#МектебімСағанМыңАлғыс 💐
#Түлек2025 🎓
#ҰстазҒұмырыҰлық 👩🏫
#ҚошБолАлтынҰя 🏫
🔔"Сыңғырла соңғы қоңырау"
🗂Ақ жол "Жас түлек - 2025"
Новости
