🍀“Таза Қазақстан” елімізде қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілетін маңызды іс-шаралардың бірі. Бұл күннің негізгі идеясы – әр азаматтың туған жерінің тазалығына жауапкершілікпен қарауын насихаттау.
🍀“Таза Қазақстан” күні – тек бір күндік шара емес, ол адамдарды табиғатты үнемі таза ұстауға шақыратын үлкен қозғалыс. Әрбір адам өз ауласын, мектебін, қаласын таза ұстаса, еліміз де көркейе түседі.





