Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде Отырар АПБ ҚПБ жедел уәкілі, полиция лейтенанты С.Көшен, Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ инспекторлары полиция лейтенанттары М.Сержан мен Н.Төлегеннің қатысуымен 8-11 сынып оқушыларымен «Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, өз-өзіне қол жұмсаудың, әлімжеттіктің алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, зиянды әдеттерден аулақ болу, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау жолдары кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ буллингтің алдын алу, өзара сыйластық пен жауапкершілікті арттыру мәселелері қозғалды.
Мұндай тағылымды кездесулер жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, саналы әрі жауапты азамат болып өсуіне оң ықпал етеді
Новости





