Выберите язык

Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
 Жеңіс күніне арналған шахмат жарысы

Жеңіс күніне арналған шахмат жарысы

♟️ Жеңіс күніне арналған шахмат жарысы ♟️
Ұлы Жеңіс күніне орай Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде шахматтан жарыс ұйымдастырылды. Аталған сайысқа мектеп оқушылары белсене қатысып, өзара бақ сынасты.
Шараның басты мақсаты – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, зияткерлік ойындарға деген қызығушылығын арттыру және салауатты бәсекелестік қалыптастыру.
Жарысты шахмат үйірмесінің жетекшісі Қ.Мырзахмет өткізіп, қатысушыларға әділ төрелік жасады. Оқушылар тартысты ойын көрсетіп, логикалық ойлау мен шеберліктерін дәлелдей білді.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталып, марапатталды.
Осындай игі шаралар жас ұрпақты білімге, табандылыққа және жеңіске ұмтылуға тәрбиелейді.