“Көкмардан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мамыр айының бесі күні “Жас мамандар онкүндігінде” педагог-логопед Әбдрахман Ақботаның ұйымдастыруымен жас мамандарға арналған «Шаршаудан шабытқа» тақырыбында арт-терапиялық тренинг өткізілді.
Аталған тренингтің негізгі мақсаты – мұғалімдердің эмоционалдық күйін тұрақтандыру, ішкі шаршауды азайту, шығармашылық шабытты ояту және ұжымдық қарым-қатынасты нығайту болды.
Тренинг барысында қатысушылар психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жаттығулар орындап, өзара қолдау сезімін арттыруға және жағымды эмоционалдық байланыс орнатуға мүмкіндік алды. Арт-терапиялық әдістер арқылы қатысушылар өз эмоцияларын шығармашылық жолмен жеткізді.
Педагогтар тарапынан оң бағасын алды. Тренинг нәтижесінде мұғалімдердің көңіл-күйі көтеріліп, жұмысқа деген мотивациясы артқаны байқалды.





