Тіліңізді таңдаңыз

Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
 “Ер есімі – ел есінде” тақырыбында 3-сынып оқушыларымен тағылымы мол тәрбие сағаты

“Ер есімі – ел есінде” тақырыбында 3-сынып оқушыларымен тағылымы мол тәрбие сағаты

🇰🇿 Жеңіс күніне орай өткізілген тәрбие сағаты 🇰🇿
Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай “Ер есімі – ел есінде” тақырыбында 3-сынып оқушыларымен тағылымы мол тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Қ. Қанаева апайдың ұйымдастыруымен өткен бұл шараның басты мақсаты – оқушыларға батырларымыздың ерлігін таныту, олардың ел үшін жасаған жанқиярлық еңбегін дәріптеу, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім қалыптастыру.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар соғыс ардагерлері туралы мәліметтермен танысып, өлеңдер оқып, өз нерлрін көрсетті.
Осындай тағылымды шаралар арқылы өскелең ұрпақтың елін, жерін сүюге деген құрметі арта түседі деп сенеміз.