Тіліңізді таңдаңыз

Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Толағай» атты отбасылық сайыс

«Толағай» атты отбасылық сайыс

Мектебімізде Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «Толағай» атты отбасылық сайыс ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – оқушылар мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және бірлік пен ұйымшылдықты дәріптеу болды.
Сайысқа қатысқан отбасылар түрлі кезеңдер бойынша өз бақтарын сынады. Олар ептілік, жылдамдық, тапқырлық және командалық рухтарын көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әр отбасы барынша белсенділік танытып, жеңіске деген жігерін көрсетті.
Шара өте қызықты әрі көңілді өтті. Көрермендер қатысушыларға қолдау білдіріп, сайыстың сәнін арттырды. Нәтижесінде үздік деп танылған отбасылар марапатталып, алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар мектеп өмірін жандандырып қана қоймай, оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға үлкен үлес қосады.