Ұлы Жеңіс күніне орай мектебімізде ұлттық спорт түрі – асық атудан жарыс ұйымдастырылды.
Аталған жарыстың басты мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және Ұлы Жеңістің маңызын ұғындыру болды.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің мергендігін, ептілігін және шапшаңдығын көрсетіп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Әрбір оқушы белсенділік танытып, ойынға үлкен қызығушылықпен қатысты.
Іс-шара соңында жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Бұл жарыс оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, патриоттық рухтарын нығайтты.
✨ Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.





