Тіліңізді таңдаңыз

Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!

📚✨ 1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ! ✨📚
🎉 Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына орай 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
🔔 Салтанатты жиынға мектеп оқушылары, ұстаздар, ата-аналар, ардагер ұстаздар және арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатысты.
🎙️ Сөз барысында мектеп директоры Ади Шарипов барша ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім алушыларға сапалы білім, жарқын жетістіктер, ұстаздарға шығармашылық табыс пен толағай еңбектер тіледі. Сондай-ақ ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапты еңбектері үшін алғысын білдірді.
🌷 Жиын барысында мектебіміздің ардагер ұстаздарына сөз беріліп, олар жас ұрпаққа ақжолтай тілектерін арнап, оқушыларға білім жолында биік белестерді бағындыруға шақырды. Ардагер ұстаздардың жүрекжарды лебіздері көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
👥 Құрметті қонақтар да ізгі тілектерін білдіріп, жаңа оқу жылының сәтті басталуына ақжолтай тілектерін жеткізді.
🌟 Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары үшін бұл күн – білім әлеміне жасалған алғашқы қадам, жүректерінде мәңгі сақталатын ерекше сәт. Балғын бүлдіршіндерге мектеп өмірінің қызықты да қуанышты болуына тілектеспіз!
🔔 Алғашқы қоңырау үні жаңа оқу жылына жол ашып, барша білім алушыға сәттілік пен шабыт сыйлады!
💐 Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және қадірлі қонақтар!
Жаңа оқу жылы құтты болсын!
📖 Білім жолындағы әр қадамымыз нық, жетістіктеріміз биік, болашағымыз жарқын болсын!