7-қыркүйек күні Көкмардан жббм 8-сынып оқушыларымен МДБОЖО Э. Саметова және 10-сынып оқушысы Бегалы Бақнұрмен бірлесе отырып iQanat олимпиадасы туралы таныстырылым өткізді. Бегалы Бақнұр iQanat республикалық олимпиадасының 2025-жылғы ЖЕҢІМПАЗЫ және де қатысушы жөніндегі СЕРТИФИКАТ иегері✨.iQanat -ауылдан арманға жетелейтін мүмкіндіктер мекені.Оған тек:білім,әрекет пен мақсат қажет.Жалпы iQanat -3 кезең арқылы өтіледі,егер қатысушы 3 кезеңнен де өтетін болса онда ол IQanat High School of Byrabai мектебіне Грант ұтады.
Қазіргі таңда Бақнұр волонтёр яғни iQanat қорының мүшесі.Волонтёрлік қызметте 8-сыныптарға олимпиада жайлы ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Алдағы уақытта олимпиада қатысушыларына сәттілік тілейміз!





