🇰🇿 «АТА ЗАҢ – АЗАТТЫҒЫМЫЗДЫҢ АЙҒАҒЫ»
📚 Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында тәрбиелік мәні жоғары сынып сағаттары өткізілді.
🎓 Сынып сағаттары барысында білім алушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы, оның мемлекетіміз бен қоғамымыздағы маңызы туралы түсінік берілді. Оқушылар Ата Заңда бекітілген құқықтар мен міндеттер, заң мен тәртіп, азаматтық жауапкершілік туралы өз ойларын ортаға салды.
💬 Тақырып аясында оқушылармен пікір алмасу, сұрақ-жауап және танымдық жұмыстар жүргізіліп, жас ұрпақты Отанын сүюге, заңды құрметтеуге, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған құндылықтар дәріптелді.
🇰🇿 Ата Заңымыз айбынды еліміздің тұрақтылығы мен бірлігінің берік негізі болсын!





