2026—2027 оқу жылында "Көкмардан" жалпы білім беретін мектепті "Тіл —халықтың жаны, ұлт —шежіресі" тақырыбында онкүндіктің ашылу іс—шарасы өткізілді.
Онкүндіктің мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Қазақстан мемлекетінде тұратын халықтардың тілдерін құрметтеу. Тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан —жақты болуға, бірнеше тіл үйренудің маңыздылығын ұғындыру.
Онкүндіктің ашылу барысында қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінде оқушылар өлеңдерді жатқа оқып, ән шырқады. Кеш соңында оқу орынбасары Р. Халық пен Т. Ниязова, бейінді істер жөніндегі орынбасар Э. Саметова тіл мерекесімен ұстаздар мен шәкірттерді құттықтап, кешті қорытындылады.





