Тіліңізді таңдаңыз

Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ахмет Байтұрсынұлы – тіл туының тұғыры» тақырыбында көрме

"Балалар кітапханасы" жобасы аясында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ахмет Байтұрсынұлы – тіл туының тұғыры» тақырыбында көрме

Туркістан облысы,Отырар ауданы Көкмардан жалпы білім беретін мектеп 04.09.2026ж
Мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен "Балалар кітапханасы" жобасы аясында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ахмет Байтұрсынұлы – тіл туының тұғыры» тақырыбында көрме қойылып ,А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығынан шолу сабағы болып өтті
Іс-шара барысында оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, қазақ тіл білімі мен әдебиетіне қосқан зор үлесі туралы мағлұмат берілді. Ұлт ұстазының еңбектері мен шығармалары таныстырылып, кітап көрмесіне шолу жасалды.
Оқушылар ақын шығармаларынан үзінділер оқып, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Мақсатымыз: Танымдық шара арқылы оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру.