Мектебімізде 15.05.2025 жылы 2024-2025- оқу жылының аяқталуына байланысты «15-мамыр-Халықаралық отбасы күніне» орай «Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар: өзектілігі және шешу жолдары» тақырыбында мектеп ата-аналарының жалпыұлттық жиналысы өткізіліп, ата-аналарға оқу жылындағы қорытынды аттестаудың ерекшеліктері, оқушылардың жазғы демалысын өткізу, «Білімім- Отаныма» тақырыбындағы мектеп бітіру салтанатты іс-шараларының өткізілуі, 2025-2026 оқу жылында оқушыларды жаңа мектеп формасына көшіру және оқушылардың жазғы демалысы кезінде құқықбұзушылық , суицид, зорлық-зомбылық, оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына кірмеуі, су, өрт, жол қауіпсіздігін сақтауы жайлы мәліметтер беріліп, «Соңғы қоңырау-2025» мерекесі кезінде мектеп қажеттілігіне, ұстаздарға сыйлық ретінде және басқа да мақсаттарда ақша жинамау, оқушылардың автокөлік шеруін өткізуіне тиым салумен қатар жалпы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жаңалықтар
