Көкмардан жалпы білім беретін мектеп « коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2025жылы 30-қаңтар күні «Табысты оқыту және құзырлы мұғалім» тақырыбында жас мұғалімдерге арналған мектепішілік семинары өтілді.Мектебіміздің қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын рөлі , жас мамандарға көппен жұмыс істей білудің маңыздылыған , ерекшелігін айқындай түсу мақсатында ұйымдастырылған семинардың ашылуында мектеп директоры Б.Мырзаш жас мамандарға тілегін арнап, бұл семинардың тәжірибе жинақтауда үлкен септігін тигізетіндігін жеткізді..МДБОЖО Э.Саметова жас мамандарды, ұстаздарды жұмыс регламентімен таныстырды.Семинар барысында мектептің педагог-психологы А.Тасболатова жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында тренинг жүргізсе, Абдиғаппарова Айжан 9-10 сынып оқушыларымен «ХХІ ғасыр Әл-Фараби» тақырыбында білгірлер сайысын, «Шебер қолдар» үйірме жетекшісі Мейірғазиева Мақпал «Қазақтың ұлттық бұйымдары» көрмесін ұйымдастырды., Надірқұлова Жанна 4-Б сыныбында «Золотая осень» тақырыбында ашық сабақ ,Орынбасарова Назгүл 3-Ә сыныбында ағылшын тілі пәні бойынша ашық сабақ, Аманжол Айгерім 6-В сыныбында «Тірі табиғаттағы үдерістер» тақырыбында үлгілі ашық сабақтар өткізіп, тәлімгер ұстаздарымен пікір алмасып, өз көзқарастарын білдіріп, тәжірибелі ұстаздардан үйренетіндерінің көп екенін айтты.
Жас мамандарға «Сабақты жоспарлағанда қандай қағидаттарға сүйенесіз?», «Сабақта қандай мәселелерге көңіл бөлесіз? Деген сұрақтар беріліп, жауаптары сараланды.
Білім берудегі негізгі қағида –теорияның практикамен байланысы , сабаққа жасанды интеллект технологияларының озық үлгілерін қосу,бұл бүкіл семинар барысында байқалды.Семинарды қорытындылаған Э.Саметова жаңа формациядағы мұғалім жаңалыққа жақын жүретін, кәсіби дағдылары дамыған , педагогикалық дарын иесі болуы қажет екенін айтып, алғысын білдірді.
Жаңалықтар
