Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде «Адалдық – менің таңдауым» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Аталған көрме жас суретшілер үйірмесінің жетекшісі Жандос Айтқұловтың ұйымдастыруымен өтіп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты рухани-адамгершілік құндылықтарды өнер арқылы дәріптеуге бағытталды.
Көрмеге қойылған әрбір туындыда оқушылардың адалдыққа деген көзқарасы, ой-толғанысы мен көркемдік шеберлігі айқын көрініс тапты.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың саналы, адал азамат болып қалыптасуына өз үлесін қосады.





