1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Көкмардан жалпы білім беретін мектебінің 6 «А» сыныбында сынып жетекшісі Сара Оспанованың ұйымдастыруымен тағылымды сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының басты мақсаты – оқушыларды ризашылық білдіруге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, айналасындағы адамдардың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу болды. Оқушылар алғыс сөздің маңызы туралы ой бөлісіп, жүрекжарды тілектерін айтып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.
Іс-шара барысында түрлі тренингтер мен шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылып, балалардың мейірімділік пен сыйластық құндылықтарын терең түсінуіне мүмкіндік жасалды.
Алғыс айту – адамгершіліктің асыл қасиеті. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың бойына ізгілік пен жанашырлық сезімдерін қалыптастырады.
Жаңалықтар





