Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Ардагерлерге құрмет

Ардагерлерге құрмет

Ардагерлерге құрмет
Жаңа жыл қарсаңында мектебіміздің ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Мектеп директоры Бимен Аманжолұлы менмектептің кәсіподақ ұйымы мүшелерінің бастамасымен ардагер ұстазымыз Сералиева Айна апаймыз бен кіші қызметкер болып қызмет етіп зейнеткерлік жасқа жетіп демалысқа шыққан Үкібек Бибайша апайымыздың үйіне барып, мерекемен құттықтап, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді.
Бұл игі дәстүр – өткенге тағзым етіп, білім жолында еңбек сіңірген ұстаздарға құрмет көрсетудің жарқын үлгісі. Ардагер ұстаздарымыз өздеріне көрсетілген ықылас пен құрметке риза болып, шексіз алғыстарын білдірді.
Мектеп ұжымы ардагер ұстаздарға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және береке-бірлік тіледі. Осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенімдіміз!
Ұстаздарды құрметтеу – болашаққа жол ашу!