ХАБАРЛАНДЫРУ
Ата-аналардың назарына!
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осыған орай Көкмардан жалпы білім беретін мектебінің директоры Ади Шарипов ата-аналарды мерекелік демалыс кезеңінде оқушылардың өмірі мен денсаулығына ерекше жауапкершілікпен қарауға шақырады. Жаңа жылдық мерекелік іс-шара өткізу кезінде аниматорлар, мерекелік агенттіктер, жеке студияларды тартуға, мерекелік дастархан, сыйлықтар ұйымдастыруға және жаңа жылдық іс-шараға қаражат жинауға қатаң тыйым салынады.
Қыс мезгілінде балалардың көшеде, мұз айдындарында, жол бойында жүруіне бақылау жасау;
Пиротехникалық заттарды (отшашу, фейерверк) қолдануға қатаң тыйым салу;
Үй жағдайында электр құралдары мен от көздерінің қауіпсіздігін қадағалау;
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қауіпсіз интернет ортасын қамтамасыз ету аса маңызды.
Құрметті ата-аналар! Балалардың мерекені қуанышпен әрі қауіпсіз өткізуі сіз бен бізге тікелей байланысты. Бірлесе әрекет етіп, оқушыларымыздың амандығын сақтайық!
Құрметпен
Көкмардан жалпы білім беретін мектебінің директоры
Ади Шарипов





