Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Бракераждық комиссия

Бракераждық комиссия

Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде асханасында көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында бракераждық комиссия тарапынан жоспарлы бақылау жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында оқушыларға ұсынылатын ыстық тамақтың сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы және асхананың жалпы тазалығы қатаң қадағаланды. Комиссия мүшелері тағамдардың дәмі мен сапасына, температуралық режиміне ерекше назар аударды.
Бақылау нәтижесінде асхана жұмысы талаптарға сай екені анықталып, оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы тамақтануын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді
#БракеражКомиссиясы
#ДұрысТамақтану
#СалауаттыӨмірСалты
#МектепАсханасы
#ЫстықТамақ