Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Буллингке жол жоқ

Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықтың алдын алу және өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Буллингке жол жоқ!» тақырыбында және қауіпсіздік бағытында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға буллингтің түрлері мен оның салдары түсіндіріліп, кикілжің жағдайында дұрыс әрекет ету жолдары, өз құқықтарын қорғау және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелері еске салынды.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың жауапкершілігін арттырып, мейірімділік пен бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Мектебімізде буллингке жол жоқ, қауіпсіз орта — басты құндылық!