Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде әлеуметтік педагог Бейсенгирова Бақыт апайдың ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Дұрыс тамақтану қағидалары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға дұрыс және пайдалы тамақтанудың денсаулыққа әсері, күнделікті тағам рационын құру жолдары, дәрумендер мен минералдардың маңызы туралы кең көлемді ақпарат берілді.
Сонымен қатар, оқушылардың тамақтану мәдениетін анықтау мақсатында сауалнама жүргізіліп, олардың пікірлері мен ұсыныстары жинақталды.
Бұл жұмыс оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.





