Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Дұрыс тамақтану

Дұрыс тамақтану

Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде Бракераждық комиссия тарапынан мектеп асханасында ыстық тамақтың берілу сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау жүргізілді. Тексеру барысында тағамдардың санитарлық талаптарға сай дайындалуы, оқушыларға уақтылы әрі сапалы түрде берілуі қадағаланды. Сонымен қатар оқушылармен "Ыстық тамақ ішу әдебі" тақырыбында әңгіме өткізілді. Балаларға ас ішудегі тазалық сақтау, дастарқан басындағы әдеп ережелері туралы түсіндірілді. Мақсаты – оқушылардың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. #БракеражКомиссиясы #ДұрысТамақтану #СалауаттыӨмірСалты #МектепАсханасы #ЫстықТамақ