Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» тақырыбында 8–11 сынып оқушы қыздарына арналған жиналыс

«Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» тақырыбында 8–11 сынып оқушы қыздарына арналған жиналыс

Бүгін мектебімізде «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» тақырыбында 8–11 сынып оқушы қыздарына арналған жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында ерте жүктіліктің денсаулыққа, білім алуына және болашақ өміріне тигізетін әсері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қыз балаларға өз болашағына жауапкершілікпен қарау, дұрыс шешім қабылдау, жеке қауіпсіздік пен өмірлік құндылықтарды сақтау жөнінде маңызды ақпарат берілді.
Мұндай тәрбиелік кездесулер жасөспірімдердің саналы таңдау жасауына және өмірге байыппен қарауына ықпал етеді.
Жиналыс оқушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды өтті.