Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Эстетикалық білім беруде жасанды интеллект мүмкіндіктері

Эстетикалық білім беруде жасанды интеллект мүмкіндіктері

Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде өнер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Эстетикалық білім беруде жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбында айлық жоспардың салтанатты ашылуы өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – эстетикалық бағыттағы пәндерде жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін заманауи құралдар арқылы дамыту және педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Айлық аясында түрлі шеберлік сабақтары, шығармашылық көрмелер, ашық сабақтар мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, өнер мен цифрлық технологияның үйлесімді байланысы көрсетілмек.