Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Future Tenses» (келер шақ) тақырыбында ашық сабақ

«Future Tenses» (келер шақ) тақырыбында ашық сабақ

Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абдрахманова Ұлжалғас 10 «Б» сыныбында «Future Tenses» (келер шақ) тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушылар болашақ шақ түрлерін ажыратып, әртүрлі жағдаяттарда қолдануды үйренді. Топтық және жеке жұмыстар арқылы білімдерін бекітіп, ағылшын тілінде еркін сөйлесу дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.

✨ Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылығын арттырды.