Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Ғасыр адамы, дара тұлға, дана тұлға –Д.А.Қонаев

Ғасыр адамы, дара тұлға, дана тұлға –Д.А.Қонаев

13-қаңтар күні шығармашылықпен жұмыс жасайтын қабілетті, дарынды оқушылардан құрылған оқушылардың ғылыми қоғамы мектепішілік «Ғасыр адамы, дара тұлға, дана тұлға –Д.А.Қонаев» тақырыбында ОҒҚ-ң дөңгелек стол отырысын ұйымдастырды. Оқушылардың білім, білік , оқу-танымдық қызығушылығы , шығармашылық дағдыларын ,Димекеңнің жүріп өткен жолы, сарабдал саясаты , оның ел басқаруда бойына жинақтаған әлемдік тәжірибесі туралы оқып, үйренуге шығармашылық ізденістерін дамытуға, зерттеуге бағытталған жұмыстармен айналысуға бағыттау, олардың зерттеушілік құндылықтары туралы оқушыларға олардың шығармашылық ізденістерін дамыту мақсатында бағыт-бағдар берілді .

Слайдтарды, видеороликті пайдалана отырып, МДБОЖО Э.Саметова дөңгелек стол барысында Д.А.Қонаев - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері екендігі туралы мағлұмат берді. 10 -сынып оқушысы Аязбекқызы Қазына «Әлемге елін танытқан ердің өмір жолы»тақырыбында жинаған мәліметтерімен бөлісті.9 -сынып оқушысы Құлмаханбет Нұрасыл «Д.А.Қонаев –көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер» тақырыбында реферат дайындап келген.Пернебек Еркеназ өз рефератында Димаш атамыздың Алматыны салу және көркейтуде атқарған жұмыстары: Республика сарайы, Достық даңғылындағы тұрғын үйлер, Б.Шолақ атындағы және «Медеу» спорт кешендері, Республика алаңы, «Қазақстан», «Жетісу», «Алматы» , «Алатау» қонақ үйлері, цирк, аэровокзал, әуежай және көптеген басқа ғимараттар ҚР визит карточкасы болды. Д.А.Қонаев республиканың мәдениетін өте жоғары деңгейге көтеріп , қолдап отырды» -деп сөзін қорытындылады.Оқушылардың тәлімі мен білімдерін толықтыруға арналған маңызы зор дөңгелек стол отыры сы «Д.А.Қонаевтың білікті басшылығының арқасында 15 одақтас республиканың ішінде Қазақстан екінші орыннан төмендеп көрмегенін, Димаш атамыз тек білімді де білгір басшы ғана емес, ақыл ойы кемеңгер ғұлама ғалым болғанын, бұл ірі тұлғаны одан ірі білу мақсатында түрлі іс-шаралар мен зерттеу жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырамыз» деген оймен аяқталды.