Теңге- тәуелсіздік тұғыры!
14 қараша күні “Тарихи өлкетану” үйірмесінің жетекшісі Абдигаппарова Айжан шәкірттерімен бірге “Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы” мекемесіне барып “Ұлттық валюта” теңге күніне орай ұлттық жәдігерлермен және төл теңгеміздің шығу тарихымен танысты. Теңге — мемлекетіміздің тәуелсіздігін нақты айқындайтын басты белгілердің бірі.
Ұлттық валюта енгізілгеннен бері еліміздің қаржы жүйесі қалыптасып, экономикасы тұрақты дамып келеді. Музейдің ғылыми қызметкері Байтасов Мақсат балаларға тарихты, ұлттық валютаны және ұлы ойшыл Әл-Фараби мұраларымен таныстырып өтті.





