Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық семинары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Семинардың тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың цифрлық дағдыларын дамыту».
Мақсаты:Пәндік оқыту үдерісінде цифрлық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық және ақпараттық сауаттылығын арттыру
Іс-шара аясында заманауи білім беру талаптарына сай керемет көрме ұйымдастырылып, білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған шығармашылық және жобалық жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеде цифрлық платформалар, интерактивті тапсырмалар, мультимедиялық құралдар арқылы жасалған оқушы еңбектері таныстырылды.
Семинар барысында ашық сабақтар, шеберлік сағаттары өткізіліп, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану, оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары жан-жақты талқыланды. Мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, тың идеяларымен бөлісті.





