Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Көңілді математика – білімге бастар қызықты жол!

Көңілді математика – білімге бастар қызықты жол!

Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде 3-сынып оқушылары арасында «Көңілді математика» тақырыбында сайыс сабағы өткізілді.
Сайыс барысында оқушылар түрлі логикалық тапсырмалар мен қызықты есептерді шешіп, жылдамдық пен тапқырлықтарын көрсетті. Топтық жұмыстар арқылы бір-біріне қолдау білдіріп, ұйымшылдық пен белсенділік танытты.
Мақсаты – оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту және білімдерін шыңдау. Сайыс жоғары деңгейде өтіп, жас математиктер өз білімдері мен зейінділіктерін дәлелдеді.
Осындай танымдық іс-шаралар оқушылардың пәнге деген сүйіспеншілігін арттырып, сапалы білім алуға жол ашады.
#КөңілдіМатематика
#3сынып