Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЗАМАН ТАЛАБЫ

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЗАМАН ТАЛАБЫ

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЗАМАН ТАЛАБЫ
Түркістан облысы Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Көкмардан жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 17.12.2024 жылы Отырар аудандық ішкі істер бөлімі инспекторы Д.Ерденованың қатысуымен 9-10-11 сынып оқушылары арасында “Құқықбұзушылықтың,зорлық-зомбылықтың алдын-алу және болдырмау” және жаңа жылдық мерекені мерекелеу кезіндегі қауіпсіздікті сақтау мақсатында жиын өткізілді.Жиында балалардың құқықтары туралы айта келе оқушылар арасында әлімжеттілікті болдырмау,түнгі беймезгіл уақытта көшеде жүрмеу ,тәртіпті сақтау жөнінде айтып өтті.АПБ-нің испекторы Динара Ерденова ер балалар арасындағы тәртіп,темекі тартпау,өзгенің затына тиіспеу,ұрлық жасамау, мектеп формасын сақтау, сабақтан себепсіз қалмау туралы айтып,құқық бұзған жағдайдағы айыппұлдар туралы таныстырды.Жалпы алдағы келе жатқан мереке,демалыс күндерінде қауіпсіздікті сақтау жөнінде, пиротехникалық заттарды қолданбау,жаңа жылдық шыршада жанғыш, тез тұтанғыш заттарды пайдаланбау туралы оқушыларға жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
#Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы