Көкмардан”жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің “Балауса” бастауыш сынып әдіс бірлестігінің айлық іс шаралар жоспарына сәйкес 1 -ші сыныптар аралығында “Ақылды бала” тақырыбында 14.10 2025 күні сайыс сабақ өтті. Сайыс сабаққа әр сыныптан жоғары деңгейдегі алты оқушы қатысты. Атап айтсақ Момын Сабыржан,Әбдіқадыр Ерқанат,Есен Нұрсезім,Пернехан Зере,Пернебек Гүлбаршын және Қалдыбай Болат. Оқушыларымыз сайыс сабақтың бес кезеңі нде өздерінің білімдерін ортаға салып жарыс жолында жоғарыдан деңгейден көріне білді. Оқушыларымыздың білімін саралай келе сарапшылар алқасы 1 Б сынып оқушысы Пернебек Гүлбаршын атты оқушымыз жеңімпаз деп атады .Қорытындылай келе қатысқан оқушыларымыздың барлығын мектеп директорының мақтау қағазымен марапаттадық. Осындай білімді, саналы,қабілетті оқушыларымыз көбейе берсін!
Жаңалықтар





