Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Қош келдің, Әз Наурыз

Қош келдің, Әз Наурыз

⚜️ "Қош келдің, Әз Наурыз⚜️
⚜️ “Көкмардан жалпы білім беретін мектеп”коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Наурыз мерекесіне орай 1 "ә" сыныбы жетекшісі Сералиева Зина апай құндылықтарымызды дәріптеуге арналған тағылымды іс-шара өтті✨
⚜️Ұлттық болмысымызды айшықтайтын бұл күннің басты мақсаты – өскелең ұрпаққа ата-бабадан қалған асыл мұраны насихаттап, салт-дәстүрлеріміздің мән-маңызын түсіндіру болды.
⚜️Іс-шара барысында халқымыздың көнеден келе жатқан игі дәстүрлері кеңінен таныстырылып, тұсау кесеу салты сахналанып, көпшілікке ұсынылды. Бұл көріністер арқылы оқушылар ұлттық тәрбиенің тереңдігін сезініп, дәстүрге деген құрметін арттыра түсті.
⚜️Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, туған елге, ана тілге, салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттырады.
⚜️Ұлттық мұрамыз ұлықталып, ата салтымыз жаңғыра берсін! Әр шаңыраққа береке, елге тыныштық тілейміз✨
#ҰлттықҚұндылықтар