🥇"Күрестен жарқын жеңіс!"
Спорт — денсаулық кепілі. Дені саудың жаны сау. Денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан да біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен шұғылдануымыз керек. Спортпен шұғылданып, еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды әлемге тыңдатқан спортшыларымыздың есімдерін ылғида мақтан тұтамыз. Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде де спортпен шұғылданып, биіктерден көрініп жүрген спортшылар жетерлік. 2025жылдың 19 қыркүйек күні ҚР спартакиадасының жүлдегері Мұсаев Байболат Қожамұратұлын еске алуға арналған қазақ күресінен 2012-2013жылы туылған жасөспірімдер арасында аудандық турнирде жүлделі 3-орын алғаны үшін
Әбдірәсіл Бекнұр Ерғалиұлы,
Жақанша Нұрсұлтан Бақытұлы марапатталды. 2-орын алғаны үшін Тұрсымаханбет Нұрым Өмірсерікұлы марапатталды. Осы турнирде жүлделі 1— орын алғаны үшін
Пернехан Бейбіт Сабырұлы марапатталды. Сонымен қатар мектебіміздің директоры А.Шарипов 2024-2025ж үздік күрес палуандарын марапаттады.
Қоқанбай Қанағат Қалилақызы
Сейілхан Нұрислам Ержанұлы
Әбдірәсіл Ернұр Ерғалиұлы
Ілесбай Рамазан Бағдатұлы
Пернехан Бейбіт Сабырұлы
"Жыл үздігі" төсбелгісімен, дипломдар мен медалдармен марапатталды. Еліміздің мерейін үстем еткен болашақ Олимпиада чемпиондарына сәттілік тілейміз!
Жаңалықтар
