Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Күш атасы – Қажымұқан» тақырыбында ашық сабақ

«Күш атасы – Қажымұқан» тақырыбында ашық сабақ

Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың цифрлық дағдыларын дамыту айлығы аясында 12.03.2026 жылы 6 «А» сыныбында «Күш атасы – Қажымұқан» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Үскенбаева Ұлдана өткізді.
Сабақ барысында оқушылар қазақтың әйгілі балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірі мен жетістіктері туралы мәліметтермен танысып, түрлі цифрлық тапсырмалар арқылы өз білімдерін көрсетті. Оқушылар интерактивті әдістер арқылы белсенді қатысып, тақырыпты терең меңгерді.
Ашық сабақтың басты мақсаты – оқушылардың тарихи тұлғалар туралы білімін кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және цифрлық технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқу дағдыларын дамыту болды. Сабақ өте мазмұнды әрі әсерлі өтті.