Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Қылмыс пен құқықбұзушылықтың, белгіленбеген жерде суға шомылудың» алдын-алу мақсатында жиын өткізілді.

«Қылмыс пен құқықбұзушылықтың, белгіленбеген жерде суға шомылудың» алдын-алу мақсатында жиын өткізілді.

15.05.2025 жылы Отырар ауданы, Көкмардан ауылы, «Көкмардан» жалпы білім беретін мектеп мемлекеттік мекемесінде мектептің 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен
«Қылмыс пен құқықбұзушылықтың, белгіленбеген жерде суға шомылудың» алдын-алу мақсатында Отырар аудандық прокуратурасының прокуроры Сұлтанғалиұлы Ақылбек,
Отырар АПБ КПБ жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Төлеген Нұрлан, Отырар АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы , полиция капитаны Ерденова Динара, Отырар ауданы «Төтенше жағдайлар бөлімі» №9 ӨСБ қарауыл бастығы, азаматтық қорғау майоры Меңлібаев Өркендер мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Қ.Қабылмен бірлесе кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық, буллинг, лудомания, зорлық-зомбылық, қылмыс пен әлімжеттілік, құқықбұзушылық, суицид, оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына кірмеуі, жазғы демалыс кезінде оқушылардың су, өрт, жол қауіпсіздігін сақтауы, «Соңғы қоңырау-2025» мерекесі кезінде түнгі отырыстар ұйымдастырмау, автокөлік шеруін өткізбеу, жалпы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың қауіпсіздігі өз қолдарыңызда екендігін хабарлаймыз!