Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде "Инабат" қыздар ұйымының ұйымдастыруымен «Қыз – елдің ары, ананың үміті» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында қыз баланың қоғамдағы орны, ұлттық тәрбие, инабаттылық, әдеп пен жауапкершілік туралы тағылымды ойлар айтылып, бейнеролик көрсетілді. Қыздарға өз-өзіне сенімді болу, білімді, тәрбиелі, парасатты тұлға болып қалыптасу жолында бағыт-бағдар берілді.
Іс-шара қыздардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге, адамгершілік қасиеттерін арттыруға, өмірлік маңызды мәселелерді түсініп, дұрыс шешім қабылдай білуге тәрбиелеуге ықпал етті.
Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.





