Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде қазақ әдебиеті және бастауыш сыныптарға кейінгі технологиямен жабдықталған заманауи кабинеттер ашылды. Ауылымыздың еңбек ардагері Нияз Жолаушы Тәжібайұлы және мектебіміздің ұлағатты ұстазы Алтынбек Қызайым Шаханқызының құрметтеріне ашылған кабинеттерді Отырар аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Дархан Ембай және ата-аналар комитетінің төрағасы Бақаев Тәліп, мектебіміздің ардагер ұстазы Білтаева Күләш апайларымыз лентасын қиып,оқушылардың білімін тереңдетуге,шығармашылығын дамытуға, заманауи ортада білім алуға жол ашатын маңызды еңбек екендігін айта отырып,іс-шараға қатысып отырған барша ұл-қыздарына, туыстарына алғыс білдірді. Іс-шара мектебіміздің шәкірттерінің мерекелік концертпен жалғасын тапты.
Жаңалықтар





